Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 2025 жылдың қыркүйек айында 27 арыз-шағым, сұраныстар келіп түсті

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 2025 жылдың қыркүйек айында 27 арыз-шағым, сұраныстар келіп түсті
Арыз-шағым, сұраныстардың негізгі мазмұны педагогикалық әдеп қағидаларының бұзушылығы, педагогикалық қызметке рұқсат етілмеген маманның жұмыс жасауы, дипломындағы біліктілігінің сәйкес келуі, сабақ кестесінде пәндерді ауысымға дұрыс қойылуы, педагогтарға заңнамамен рұқсат етілген құжаттардың толтырылуы, білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асырылуы болды.
Департамент тарапынан арыздар негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріс бойынша бұзушылықтардың 100 пайызы расталып, кемшілікті жоюдың нұсқамасы берілді, әкімшілік іс қозғалып, лауазымды тұлғаға 52,5 АЕК (206 430 теңге) көлемінде айыппұл салынды,.
Сонымен қатар, Департамент мамандары түскен сұраныстар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.