
2025 жылдың 30 қыркүйегінде «Мектеп пен отбасы: Адал әрі жакуапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық» тақырыбында жалпыөалалыө ата-аналар жиналысы болды. Білім беру ұйымдары басшылары мен ата-аналар комитетіі мүшелері қатысқан жиында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бузушылық» туралы қалалық полицияның ақпараты тыңдалды. «Отбасындағы құндылықтар, қазақтың салт-дәстүріндегі тәрбиенің орны» тақырыбында сөз алған ұлағатты ұстаз Б.Әбілдаева жиынға қатысушы педогогтер мен ата-аналарға бірігіп жұмыс жасау арқылы ғана жастарға дұрыс тәлім тәрбие бере алатынымыз туралы айтты. Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Н.Барбосынов «Білім туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске тоқталып ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар «Педогог мәртебесі туралы» заңға тоқталып, департаментпен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды айтты.