«Аманат» партиясы жанындағы кеңесте жаңа оқу жылына дайындық жұмысы қаралды

«Аманат» партиясы жанындағы кеңесте жаңа оқу жылына дайындық жұмысы қаралды

Аманат партиясының облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланып, жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Облыстық білім басқармасы тарапынан мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеулер, оқылықпен, жихазбен қамтылуы, келешек мектептерінің құрылысы, ыстық тамақпен қамтылуы туралы ақпараттар айтылды. Өз кезегінде білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Н.Барбосынов облыс бойынша мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай оқу процесін жүргізіп жатқаны, оқушыларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайының төмендігі, лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан мектептер, санитарлық талаптарды орындау барысындағы кемшіліктер туралы тоқталды. Кеңес қорытындысында алдағы уақытта аталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды жалғастыру керектігі айтылды.