Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан білімнің дамуына қолдау көрсетіп, оны ақпарат кеңістігінде насихаттап жүрген журналистердің ата-аналары мен ұстаздарына алғыс хат табыстады.
Журналист – қоғамның айнасы. Ол тек ақпарат жеткізуші ғана емес, ұлттың рухани һәм мәдени тынысын жеткізетін тұлға. Осындай жоғары жауапкершілікті арқалап, сапалы ақпарат пен шынайы сөзді қоғамға ұсынып жүрген кәсіби мамандардың бірі – Муканова Айкен Сериковна.
Журналистика жолындағы алғашқы қадамдарын үйреткен, шындықты айтуға деген ұмтылыс сыйлаған мектеп ұстаздары және ұстаз жолындағы ата-анасы, жақын апаларына министр өз ризашылығын білдірді. Әрбір жетістік – ата-ананың тәрбиесі мен ұстаздың қажырлы еңбегінің жемісі.
Болашақта дәл осындай жанашыр ұстаздар мен берік отбасылық құндылықтарға сүйенген кәсіби мамандар көбейе берсін!