2025 жылдың 17-19 қыркүйек күндері Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары облыста оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған мектептерде болып, оқушыларды тасымалдау ұйымдастырудың жағдайымен танысты, мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында шешімін қажет ететін мәселелер анықталды, олардың орындалуы үшін жауапты мекемелерге хаттар жолданды.

Облыста барлығы 79 мектепте 13754 оқушыларды 135 транспортпен тасымалдау ұйымдастырылған.