«2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында жиын өткізілді

«2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында жиын өткізілді
2025 жылдың 24 қыркүйегі күні Ақтөбе облыстық білім басқармасы Ақтөбе қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп-лицейінде Ақтөбе қаласы, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдары және жалпы орта мектеп директорларымен «2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында жиын өткізді, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері қаралды.
Жиынға Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева қатысты.
Жиын барысында Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева жалпы білім беру ұйымдарындағы қауіпсідік мәселелеріне тоқталды, соның ішінде ерекше назарды мектептерде оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жағдайына аударды, мониторинг барысында анықталған бір қатар кемшіліктерді атап өтті.
Сондай-ақ Департамент басшысы мектеп директорларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы нақты жүзеге асырылу қажеттілігіне де тоқталды.
Жиын қорытындысында білім беру мекемелерінің 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды.