1.Мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметіне лицензия беру, білім беру құжаттарына апостиль қою).
Білім беру қызметіне лицензия беру
Есепті кезеңнің І тоқсанында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 23 өтініші қаралды (қаңтар-6,ақпан-7, наурыз -10) Оның ішінде:
-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 16 өтініш;
-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 7 өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 23 өтініштің 13-не қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмеуі себепті бас тартулар орын алды.
Білім беру құжатына апостиль қою
2026 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында барлығы 43 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде, мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) 41 өтініш, egov (ПЭП) арқылы 2 өтініш түсті.
43 өтініштің 38 қанағаттандырылса, 2 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Атап айтсақ, 1 өтініш қайталанып берілуіне, 1 – департамент тарапынан көрсетілмейтін мемлекеттік қызметке өтініш берілгендігіне байланысты бас тартылды
Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактісі тіркелген жоқ.
2.Мемлекеттік бақылау (мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер, біліктілік талабына сәйкестігін тексеру):
Есепті кезеңнің І тоқсанында барлығы 21 білім беру мекемесінде мемлекеттік қайта аттестаттау өткізілді (мектеп-19, балабақша-2). Оның ішінде бір білім беру ұйымы екінші мәрте аттестатталмады. Білім беру ұйымының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейді, қалған 20 білім беру ұйымының қызметі талапқа сәйкес келуіне байланысты аттестатталды.
Аттестатталмаған білім беру ұйымына 2026 жылдың екінші жарты жылдығында профилактикалық бақылау жоспарланады.
Жоспардан тыс тексеру арыз-шағым бойынша:
Ағымдағы жылдың І тоқсанына есебі бойынша арыз шағым негізінде 4 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде 2-де кемшілік анықталды. Алайда, бір білім беру ұйымы тексеріс қорытындысына шағымдануда. Бір білім беру ұйымына бұзушылықты жою туралы нсұқама берілді.
Әкімшілік істер
2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында барлығы 20 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды (заңды тұлға - 3, лауазымды тұлға – 3, жеке тұлға - 14 ) оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 409 - бап 2 бөлігімен – 11 (ескерту – 6, 5 АЕК айыппұл – 2, қаралуда-3), 409 - бап 7 тармағымен – 3, 463 - бап 1 бөлігімен – 2 іс қозғалып соттың қарауына жолданды, 464 баптың 1 тармағымен – 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Департамент 160 (692000 теңге) айлық есептік көрсеткіш, соттың шешімімен 50 (216250 теңге) айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, 1 лауазымды тұлғаға «Ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
ҚР ӘҚБтК 409 бабының 2 бөлігімен қозғалған екі әкімшілік істер бойынша жеке тұлғалар жоғары тұрған орган Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетіне шағымданды. Шағым бойынша шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Бару арқылы профилактикалық бақылау
Жалпы білім беретін білім беру ұйымынап профилактикалық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ ҚРЗ, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 272 Бұйрығы талаптарының сақталмауы анықталып, білім беру ұйымына 20.10.2026ж. дейін бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Біліктілік талаптарының сәйкестігін тексеру
2026 жылғы ақпан айында екі білім беру ұйымына (мемлекеттік-1, жеке мектеп-1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығының орындалуына мектептің орналасқан жеріне бару арқылы тексеріс жүргізілді.
Тексеріс қорытындысында анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымына мерзімі белгіленген бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 464 бабының 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, білім беру қызметіне берілген лицензиясы 6 ай мерзімге дейін тоқтатылды және 463 бабының 1-тармағымен әкімшілік іс әкімшілік соттың қарауына жолданды.
Білім бөлімдерін жоспарлы тексеру
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59-1 бабына (Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау) сәйкес 2026 жылдың ақпан айында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ жоспарлы тексеріс жүргізілді.