Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде қыркүйек айында өткізілген іс-шаралар

🖊️Мемлекеттік аттестаттау 8 білім беру ұйымында өткізіліп, жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болмауы себепті «Аттестатталмады». 🖊️Мемлекеттік қайталама аттестаттау 6 білім беру ұйымында өткізілді. Қайта мемлекеттік аттесттаттау барысында білім беру ұйымдарының кемшіліктері жойылғандығы анықталып, «Аттестатталғандығы» туралы қорытынды берілді.
🏢Ақтөбе өңірінде ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа заманауи білім ордалары ашылды. Оқу орындарының жұмысымен танысу мақсатында Департамент басшысы Г.Сарсенғалиева мектептерге барып, ұстаздармен жүздесті.

https://www.facebook.com/share/v/1AQDGHGjeo/ 
📍Департамент мамандары оқушыларға тасымал ұйымдастырылған мектептерде болып, оқушыларды тасымалдау ұйымдастырудың жағдайымен танысты, мониторинг жүргізді. https://www.facebook.com/share/p/1FnMsgKVeY/ 
📌Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева Ақтөбе қаласы, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдары және жалпы орта мектеп директорларымен өткізілген жиынға қатысып, қауіпсіздік, оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру барысына жүргізілген мониторинг нәтижелерін баяндады. https://www.facebook.com/share/p/1CrHsyWRVR/ 
🎦Департаментбасшысы Г.Сарсенгалиева Қазақстан-Ақтөбе телеканалында болып “Сәті түскен сұхбат” хабарына қатысты. https://www.facebook.com/share/p/1SeXFDo6Uu/ 
Департамент басшысы Г.Сарсенгалиеваның төрағалығымен қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн жиын өтті. 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындығына өткізілген мониторинг қорытындысы баяндалды.

https://www.facebook.com/share/p/1BA81KUi65/ 
📍Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева оқу-ағарту министрі атынан білімнің дамуына қолдау көрсетіп, оны ақпарат кеңістігінде насихаттап жүрген журналистердің ата-аналары мен ұстаздарына алғыс хат табыстады.

Дата публикации
27 ноября 2025