📍Мемлекеттік аттестаттау 18 білім беру ұйымдарында өткізілді. Қорытындысында Шеңгелши НМ (Мұғалжар ауд.), №54 НМ (Ақтөбе қ.) «Аттестатталды», ал қызметтері жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болмай, 16 білім беру ұйымы «Аттестатталмады».
Мемлекеттік қайталама аттестаттау 6 білім беру ұйымында өткізілді. Қайта мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру ұйымдарының кемшіліктері жойылғандығы анықталып, “аттестаттау”туралы қорытынды берілді.
📍2 білім беру мекемесінде және білім басқармасында жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, бір білім беру мекемесіне білім беру қағидасы талаптарының бұзушылығы анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 409 бап, 4 бөлімі, 1) тармақшасымен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
-«Е-өтініш» платформасына келіп түскен 23 арыз-шағым қаралды.
-Білім беру қызметімен айналысуға рұқсат алу үшін «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша келіп түскен 18 өтініш қаралды. 1 өтініштің лицензиясы қайта рәсімделіп, 9 өтініш лицензия қосымшасын алуға білім беру қызметіне қойылатын талаптары және ол жолданған материалдары мен құжаттарында сәйкессіздіктер анықталуы себебінен, бас тарту орын алды. 8 білім беру мекемесіне лицензия немесе лицензияға қосымшасы берілді.
📝Білім туралы құжаттарын апостильдеу бойынша келіп түскен өтініштердің 199-ы қанағаттандырылды.
📍Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева жаңарту (реновация) бағыты бойынша жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.