ИНФОРМАЦИЯ о нарушениях, выявленных в ходе государственных контрольных мероприятий за III квартал 2025 года

Мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау):

Есепті кезеңнің ІІІ тоқсанында барлығы 20 білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өткізілді (мектеп-10, балабақша-10). Оның ішінде 90 пайызы аттестатталмады. Екі мектептің қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келді (Шеңгелши НМ (Мұғалжар ауд.), №54 НМ (Ақтөбе қ.).

Мемлекеттік аттестаттау барысында МЖМБС талаптарын орындауда жалпы ортақ анықталған бұзушылықтар:

          Мектеп бойынша:

-2 мектепте  білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген  талаптардың бұзушылығы) – (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

-1 мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына сәйкес болмауы; (Жақсыбайкөл НМ (Ойыл ауд.);

-2 мектепте оқыту процесі ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктері және жеке мүмкіндіктері ескеріле ұйымдастырылмаған (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Жақсыбайкөл НМ (Ойыл ауд.);

-1 мектепте вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстары үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылмағын (Екпетал МБ (Ойыл ауд.);

-3 мектепте "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" және "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курстарының бұзушылықтары анықталды (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Жақсыбайкөл НМ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

-5 мектепте білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болмады, олар:  (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» № 473 бұйрығы талаптарының бұзушылығы)

1.«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы талабына сәйкестігі (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

2.СЭС қорытындысы болмады (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

3.«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы талабына сәйкес келмеді (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

4.Интернет жылдамдығы төмен болды (Екпетал МБ (Ойыл ауд.);

5.Пәндік оқу кабенттермен толық жабдықталмады (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

6.Оқушылардың су ішу режимі № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылмаған (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Көтібар батыр атындағы НМБ (Мұғалжар ауд.);

7.Оқушылар жеке пайдалануға арналған шкафтармен жабдықталмаған (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.), Көтібар батыр атындағы НМБ (Мұғалжар ауд.);

8.Ғимаратта № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуғыштар) болмауы (Екпетал МБ (Ойыл ауд.);

9.Бөлмелерде немесе іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болмауы (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

10.ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 12.01.2022 ж. № 6 бұйрығының талабына сәйкес  ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың жасалмауы (пандус орнату, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу) (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.), Көтібар батыр атындағы НМБ (Мұғалжар ауд.);

11.Педагогтерді тиісті бейін бойынша біліктілігін кемінде үш жылда бір рет, көлемі 36 сағаттан кем емес түрде арттыруды қамтамасыз етпеуі (Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.), Веренка ЖНББМ (Мәртөк ауд.), Көтібар батыр атындағы НМБ (Мұғалжар ауд.);

12.Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің жалпы саны ішінен педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің және педагог-шеберлердің үлесінің талаптан төмен болуы )Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.).

-2 мектепте білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары сақталмаған (Екпетал МБ (Ойыл ауд.), Жақсыбайкөл НМ (Ойыл ауд.);

-1 мектепте тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптары сақталмаған Екпетал МБ (Ойыл ауд.);

-1 мектепте сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптары сақталмаған (Екпетал МБ (Ойыл ауд.);

-1 мектепте білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі сақталмаған (Шевченко ЖНББМ (Мәртөк ауд.);

-1 мектепте бітіруші оқушылары кешенді тестілеуден өтпеді Веренка ЖНББМ (Мәртөк ауд.).

Балабақша бойынша:

-2 МДҰ білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және білім беру бағдарламаларына  сәйкес іске асырмаған (№1 «Тополек» бөбекжай-бақшасы (Мәртөк ауд.), Тайсойған НМ (Ойыл ауд.);

-10 МДҰ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамаған:

1.Педагогтер мерзімді аттестаттаудан өтпеген (№2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы (Мәртөк ауд.);

2.Аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен бірлесіп, ағымдағы медициналық бақылауды қамтамасыз етпеген «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы (Мұғалжар ауд.);

3.Педагогикалық, әдістемелік және қамқоршылық кеңес жұмыстары болмады («Гүлдер» бөбекжай-бақшасы (Мұғалжар ауд.), №7 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы» (Мұғалжар ауд.), №8 «Болашақ» бөбекжай-бақшасы (Мәртөк ауд.);

4.Балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы шарттары болмады («Гүлдер» бөбекжай-бақшасы (Мұғалжар ауд.), Көтібар батыр атындағы НМ (Мұғалжар ауд.) жанындағы МДҰ);

5.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің Типтік штаттарына сәйкес штаттық санының сақталмауы (№6 «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы (Мәртөк ауд.), №1 «Тополек» бөбекжай-бақшасы (Мәртөк ауд.), №9 «Шапағат» бөбекжай-бақшасы (Мәртөк ауд.);

6.Тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе кәсіби білімі бар педагогтарды жұмысқа қабылдау нормаларының сақталмауы (№3 «Балауса» бөбекжай-бақшасы (Мұғалжар ауд.);

7.Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемнің сәйкес болмауы (№7 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы» (Мұғалжар ауд.);

8.Педагогтер біліктілікті арттыру курстарынан уақытылы өтпеген Тайсойған НМ (Ойыл ауд.);

-1 МДҰ-да баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелері болмады (Тайсойған НМ (Ойыл ауд.);

-2 МДҰ тәрбиеленушілінің даму мониторингісі (бастапқы) болмады (№2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы (Мәртөк ауд.), №7 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы» (Мұғалжар ауд.);

-1 МДҰ-да тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі сақталмаған (№3 «Балауса» бөбекжай-бақшасы (Мұғалжар ауд.);

-2 МДҰ балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтамаған (Қожасай НМ (Мұғалжар ауд.) жанындағы МДҰ, Құмжарған НМ (Мұғалжар ауд.) жанындағы МДҰ.

№7 "Таңшолпан" бөбекжай-бақшасы Мәртөк ауд.), (Екпетал МБ жанындағы МДҰ (Ойыл ауд.), Шевченко ОМ (Мәртөк ауд.) жанындағы МДҰ қызметінде «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген бағалау өлшемшарттарының талаптарына сәйкес болмады.

Жоспардан тыс тексеру арыз-шағым бойынша:

Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанына есебі бойынша арыз шағым негізінде  8 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде 7-уінде кемшілік анықталды.

Анықталған бұзушылықтар:

-білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау -1 факт

-мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау талаптарының бұзушылығы – 3 факт

-соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған педагогтің қызмет жасауы – 1 факт

2025 жылдың ІІІ тоқсанында барлығы 10 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды (заңды тұлға - 4,  лауазымды тұлға - 6) оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 409 - бап 4 бөлігі, 1 тармақшасымен – 1, 409 - бап 4 бөлігі, 7 тармақшасымен – 3, 409 - бап 7-3 бөлігі, 1 тармақшасымен – 1, 409 - бап 7-5 бөлігі, 1 тармақшасымен – 1, 463 - бап 1 бөлігімен – 4 іс қозғалып, Департамент 52,5 (206 430 теңге) айлық есептік көрсеткіш, соттың шешімімен 100 (393 200 теңге) айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, 1 лауазымды тұлғаға «Ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. 

 

Дата публикации
27 ноября 2025