Білім беру қызметіне лицензия беру.
Есепті кезеңнің ІІІ тоқсанында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 26 өтініші қаралды (шілде-6, тамыз-13, қыркүйек -7) Оның ішінде:
-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 23 өтініш;
-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 3 өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 26 өтініштің 15-не қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмегендіктен себепті бас тартулар орын алды.
Білім беру құжатына апостиль қою.
2025 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында барлығы 242 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде, мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) 233 өтініш, egov (ПЭП) арқылы 9 өтініш түсті.
242 өтініштің 229 қанағаттандырылса, 13 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Атап айтсақ, 4 өтініш мемлекеттік төлем төленбегендіктен, 5 өтініш иесінің ұсынылған құжаттарын қайтарып алу өтініші берілуіне, 4 – департамент тарапынан көрсетілмейтін мемлекеттік қызметке өтініш берілгендігіне байланысты бас тартылды
Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактісі тіркелген жоқ.