Мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау):
Есепті кезеңнің ІІ тоқсанында барлығы 26 білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өткізіліп (мектеп-19, балабақша-7), оның ішінде 96,2 пайызы аттестатталмады. Бір балабақшаның («Балдырған» бөбекжай-бақшасы, Қобда ауданы) қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келді.
Оқыту нәтижелеріне бағалау тестілеу
Оқыту нәтижелеріне бағалау бойынша 4, 9-сыныптардың білім алушыларға кешенді тестілеу 20 білім беру ұйымында өткізіліп, 2 (Жартөкел және Талдық негізгі орта білім беретін мектептері) білім беру ұйымы дайындық деңгейі 40%-дан төмен нәтиже көрсетті.
Жоспардан тыс тексеру арыз-шағым
Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанына есебі бойынша арыз шағым негізінде 9 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде 8-інде кемшілік анықталды. 14 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды (заңды тұлға - 2, лауазымды тұлға - 5, жеке тұлға - 7).
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
Облыстың 2 білім беру ұйымына (№2 Маржанбұлақ ОМ, Мамыт НОМ) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бойынша тексеру жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2 қызмет.
1 – «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашасындағы № 483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
ІІ жартыжылдығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 447 өтініші қаралды. Оның ішінде:
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 447 өтініштің 11-не қанағаттандырудан бас тартылды..
2 - "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
2025 жылдың ІІ жартыжылдығында 124 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) - 123, egov (ПЭП) арқылы - 1 өтініш.
5 өтінішке мемлекеттік қызметтер бойынша қанағаттандырудан бас тартылды.
Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактісі тіркелген жоқ. Департамент атқаратын функциялар қатарында «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» белгілері бар «жасырын» қызметтер қарастырылмаған.
Департаменттегі педагогикалық әдеп кеңесі туралы
Педагогикалық әдеп кеңесінің 2025 жылы 26 мамырында отырысы өткізілді. Отырыста Қарғалы ауданының білім беру ұйымының басшысы тарапынан педагогикалық әдеп нормаларының талаптарын бұзылуы және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануы қаралды.
Азаматтарды қабылдау
Департамент басшысы 6 жеке тұлғаны қабылдады. Онда білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптар, жаңа мектеп ашу, білім беру ұйымының басшысы тарапынан педагогикалық әдеп нормаларының бұзулуы, білім беру ұйымына жүргізілген жоспардан тыс тексеру туралы мәселелер қаралды.