2024 жылдың бес айында жоспар бойынша Ақтөбе облысында орналасқан 75 балабақшада мемлекеттік аттестация болып, өлшемшарттар бойынша ұсынылған құжаттары қаралды, нәтижесінде 9 (12%) балабақша мемлекеттік аттестациядан өткізілді, білім беру қызметінің жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келді.
Мемлекеттік аттестапция өткізілуі жоспарланған мектептердің 135-інде 4, 9 сынып бітіруші оқушыларынан кешенді тестілеу жүргізілді.
Кешенді тестілеу бекітілген жоспарда мемлекеттік аттестация қараша айында болуы жоспарланған мектептерге қыркүйек айында, желтоқсан айында болуы жоспарланған мектептерде қазан айында өткізілетін болады.
Кешенді тестілеу 2024 жылға бекітілген білім беру мекемелеріне мемлекеттік аттестаттау жоспары бойынша жүргізілді.
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Көлтабан бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде 2023 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік аттестаттау өткізіліп, жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды, «Аттестатталмады».
2023 жылдың қараша айында "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Көлтабан бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша берілген бұзушылықтарды жою іс-шаралар жоспарындағы ақпараттарды қайта қарау барысында бұзушылықтардың жойылмағандығы белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімін бекіту туралы» №365 бұйрығымен бекітілген тізбе негізінде «Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көлтабан бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бару арқылы профилактикалық бақылау өткізілді.
Кемшіліктер әлі де жойылмаған, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын құралдармен және жиһаздармен жабдықтау нормалары сәйкес келмейді.
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Көлтабан бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кемшілікті жоюдың нұсқамасы берілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 8 елтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының 2024 жылға арналған біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру графигін бекіті туралы» №366 бұйрығымен бекітілген тізбе негізінде облыстың 8 мектебінде біліктілік талаптарға сәйкестігі тексерілді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №473 бұйрығына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келмеушілігі анықталды.
Тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар негізінде 5 лауазымды тұлғаға, 3 заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы рәсімделіп, барлығы 270 АЕК айыппұл салынды.
Үстіміздегі жылы Департамент тарапынан арыз-шағымдар, мемлекеттік органдардың жүгінуі негізінде 10 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Тексеріс нәтижесінде 8 білім беру мекемесінде кемшілік анықталды, 35 АЕК айыппұл салынды.