Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан есептік кезең барысында жоспардан тыс 16 тексеріс өткізіліп, оның 11-інде бұзушылық аныталды (оның ішінде мектеп-10, колледж-1).
Тексеріс қорытындысы бойынша 9 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік шара қабылданды, 2-тексеріс қорытындысы бойынша педагогтардың этика нормалары талаптарының бұзылуы анықталып, тәртіптік шара қолдануға ұсыныс беріліп, нәтижесінде тәртіптік шара қолданылды, барлығы 11 нұсқама берілді.
Жолданған іс-құжаттар негізінде (жоспардан тыс тексеріс ашылмай) 7 әкімшілік іс көтерілді.Оның ішінде 6 әкімшілік шара жеке тұлғаға, 1 әкімшілік шара лауазымды тұлғаға қолданылды.
- Екі іс кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламауына қатысты (ӘҚБтК 127-1 б);
-Бір іс педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеу, құрметтемеушілік танытпауына қатысты (ӘҚБтК 409 б. 7-6);
-Үш іс ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауына қатысты (ӘҚБтК 409 б. 2);
-Бір іс білім беру ұйымы лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауынан оқу процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушісінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруіне қатысты (ӘҚБтК 409 б. 3);
86 білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өткізілді (балабақша-50, колледж-36), оның ішінде 14 (16,3%) білім беру мекемесі (балабақша-7, колледж-7) «Аттестатталды», 72 (83,7%) білім беру мекемесі (балабақша-43, колледж-29) «Аттестатталмады».
Қазіргі кезеңде 44 (15-балабақша, 29-ТжКБҰ) білім беру ұйымы қайта аттестаттаудан өткізілді.
Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің негізгі қызмет бағыттары – мемлекеттік қызметтер көрсету (білім беру қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарынан шыққан құжаттарды апостильдеу), қаржы-шаруашылық қызмет, әкімшілік-кадр қызметі.
Осы бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар:
Мемлекеттік қызметтер көрсету:
Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі») мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне сәйкес:
1 - «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 04.04.2023-30.06.2023 жж. аралығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 47 өтініші қаралған (қаңтар-11, ақпан-7, наурыз-5, сәуір-6, мамыр-10, маусым-8), оның ішінде 31 (66%) қанағаттандырылды.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 47 өтініштің 16-на (34%) қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмегендіктен себепті бас тартулар орын алды. 16 дәлелді бас тартудың 2-і (32%) құжаттарды тиісінше ресімдемеу және ұсынбау себебінен, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толық болмауы себебінен қанағаттандырылмады.
Дәлелді бас тартуларды талдау барысында барлық бас тартулар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қалыптастырылғанын көрсетті.
Есепті кезеңде лицензиялық комиссияның 26 отырысы өткізілді.
Департамент оқушылар саны жоқ және білім беру қызметі жүргізілмейтін мамандықтар бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтару бойынша жұмыс жалғастыруда.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар тіркелмеген.
2 - "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментке «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алуға 246 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 216 өтініш қанағаттандырылды, 31 бас тартылды.
216 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде 126 жоғары білім туралы құжат, 13 техникалық және кәсіптік білім туралы құжат, 54 орта білім туралы құжат, 14 негізгі орта білім туралы құжат және 8 басқа құжаттар.
Апостиль қойылған құжаттар жиі жіберілетін елдер қатарында:
Австрия – 6, Венгрия– 3, Германия– 3, Әзірбайжан– 4, Түркия– 31,
Чехия– 8, Италия– 23, Индия-85, Корея – 8, Аргентина –3, Англия – 2, Испания –2, Греция – 1, Польша – 6, тағыда басқа елдерге.
20 жағдайда өтініш берушілерге қызмет көрсетуден бас тартылды. Бас тартудың негізгі себебі: өтініш мемлекеттік төлем төленбегендіктен-8, өтініш ұсынылған құжаттары талапқа сай келмеуіне -6, өтініш азаматтарға арналған мемлекеттік корпорациясы арқылы қайта өтініш берілуіне байланысты -6.
Бюджет қаражатын игеру. Департаменттің барлық штат саны - 8. Мемлекеттік қызметкерлер саны 8, штаттан тыс қызметкерлер саны 3 (хатшы 1,0 бірлік, жүргізуші 1,0 бірлік, 2023 жылдың наурыз айынан қосымша аула сыпырушы 1,0 бірлігі берілді ).
2023 жылдың 1 жартыжылдығына департаментті қаржыландыру жоспары бойынша 47680,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде ағымдағы әкімшілік шығыстарға 45597,5 мың теңге, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз етуге 2041,2 мың теңге. 2023 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша кассалық шығыстар 47672,7 мың теңгені және игеру 100% құрады.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу қоры айына 3012,2 мың теңгені құрайды. Ел ішіндегі іссапар шығыстарын ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің ҚР шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидалары" Қаулысы негізінде есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіш, тәуліктік 2 АЕК - 6900,0 теңге қолданылады. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша шығыстар 2483,0 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылып, Комитетке жолданды.
Департамент орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 268,0 шаршы метр, ғимараттың баланстық құны 1228,0 мың теңгені құрайды. Департаменттің балансында 1 автокөлік бар.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу бойынша 24 шарт жасалды. Бұл коммуналдық қызметтерге, автокөлікті ағымдағы жөндеуге, кеңсе тауарлары мен автокөлік бөлшектерін сатып алуға, сақтандыру төлемдеріне арналған шарттар. Есептер уақтылы тапсырылады: салықтық, статистикалық, баланс бойынша Мемлекеттік тізілімдегі БЖСО есебі, дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептер, игеру бойынша есеп ай сайын тапсырылады.
Әкімшілік-кадр қызметі.
2023 жылғы 1 шілдедегі Департаменттің кадрлық құрамы 8 штат бірлігін құрайды (басшы – 1, басшының орынбасары – 1, білім сапасын сырттай бағалау бөлімі – 1 басшы, 2 бас маман; білім беру қызметін лицензиялау бөлімі-1 басшы, 2 бас маман).
Кадр қызметі бойынша тоқсандық, айлық есептер БССҚК-не, МҚІА Ақтөбе облысы бойынша департаментіне, ҚР БП ҚС және АЕА Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына мерзімінде жолданып отыр.
Есептік кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 1 мемлекеттік қызметші, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Ж.Кемешов біліктілік арттыру семинарынан өтті.
Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысы
Департамент жанынан құрылған Ақтөбе облысының білім беру ұйымдары педагогтарының педагогикалық әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган педагогтерді өзіне тән емес функциялардан қорғауды, олардың кәсіби қызметімен байланысты емес жұмыстарға тартуды, заңда көзделмеген артық есептілікті ұсынуды, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеуді көздейтін мәселелерді қарайды.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ККО-ның 4 отырысы өткізілді.
3 отырыста білім беру ұйымдарының басшылары педагогикалық әдепті сақтамау туралы жеке тұлғаның өтініші қаралды. Сонымен қатар, бір қтырыс Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 05.05.2023 жылғы шығыс №6-6-3/8073-ВН хатымен жолданған тізімге сәйкес Ақтөбе облысының 73 педагогтеріне Ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша берілген сертификаттарының заңдылығын қарауға қатысты тапсырмасы негізінде ұйыдастырылды.
ККО отырысының қорытындысы бойынша комиссия педагогикалық этиканы бұзу фактісі расталған жағдайда білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар шығарды.
Есептік кезең барысында
1.Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан өткізілген семинарға колледж директорларының орынбасарлары және "Е-лицензиялау" базасымен жұмыс істейтін мамандары қатысты.
Семинар барысында Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіді. Сондай-ақ, "Е-лицензиялау" порталында лицензияға қосымшалар алуға өтініш беру кезіндегі іс-қимылдардың қадамдық алгоритмі түсіндірілді.
2.Білім басқармасының кеңейтілген алқажиынына Департамент басшысы баяндама жасап, облыстың білім беру беру ұйымдарына 2022 жылы жүргізілген бақылау шараларының қорытындылары мен білім беру жүйесін жетілдірудегі міндеттеріне тоқталды.
3.Ағымдағы жылдың І тоқсаны барысында Ақтөбе облысының білім басқармасы мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен "Жаңа мамандықтарға лицензия алу ережелері мен талаптары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға ТжКББ ұйымдарының басшылары, лицензияға жауапты мамандар қатысты.
4.2023 жылға бекітілген мемлекеттік аттестаттау тізіліміне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарына (наурыз-желтоқсан айларында жоспарда тұрған балабақшалар бойынша) білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау құрылымына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында онлайн семинар ұйымдастырылды. Онлайн семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, балабақшалардың меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.
5.2023 жылдың 31 қаңтарында қолданысқа берілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндама жасалды.
Ашық диалогтық алаңында Департамент мамандары лицензия және лицензия қосымшаларына сұраныс беру барысында жиі жіберілетін қателер мен техникалық ахуалдар туралы түсіндірді;
6.Ынтымақтастық туралы төртжақты Меморандумды жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысының білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті, Білім басқармасы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының филиалы, Ғылыми-әдістемелік орталық 16-17 ақпанда Темір ауданының білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетті және азаматтарды қабылдау жүргізді.
7.29 наурыз күні Департаменттің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектеп директорлары мен оқу ісінің орынбасарларының қатысуымен «Ақтөбе қаласы бойынша білім саласының өзекті мәселелері» тақырыбында төрт жақты меморандум шеңберінде Ақтөбе қаласының №56 жалпы білім беретін орта мектебі базасында семинар-кеңес өтті. Аталмыш шара екі бағытты қамтыды.
Күннің бірінші жартысында Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева «Ақтөбе қаласында орналасқан білім беру ұйымдарында өткізілген жүргізілген мониторинг және мемлекеттік бақылау шаралары барысында анықталған мәселелер» тақырыбында, Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының өкілі «Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қатысты бақылау шараларының нәтижелері» тақырыбына, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің өкілі «2022 жылдың қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында тексеріс барысында анықталған санитраиялық бұзушылықтар туралы», Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілі «2022 жылы өткен Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісіндегі Ақтөбе қаласы мектептерінің нәтижелері туралы» баяндама жасады.
Күннің екінші жартысында Ақтөбе қаласында орналасқан білім беру мекемелері жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесте “Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы”Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген “Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары” туралы баяндама жасалып, кеңестің қызметі мен міндеттері таныстырылды.
Сонымен қатар, екінші бағыт бойынша жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарларының қатысуымен өткен кеңесте «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына түсіндірме» жұмыстары жүргізілді және «Білім беру мекемелерінің қызметін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілер түрлері» тақырыбында баяндама жасалып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
8.2023 жылдың 20 сәуірі күні облыстық білім басқармасымен бірлескен облыстағы балабақша меңгерушілері, әдіскерлерінің және білім бөлімдерінің жауапты мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Аталмыш шара барысында білім беру мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері түсіндірілді, негізгі кемшіліктер баяндалды.
Сондай-ақ мемлекеттік аттестаттау комиссиясының тұрақты сарапшылары тарапынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді;
9.2023 жылғы кестеге сәйкес облыс мектептерінде мемлекеттік аттестаттау 2023 жылдың қыркүйегінде басталады. Осыған орай, аталған мектептердің басшыларына өзін-өзі бағалау және мемлекеттік аттестация өткізу ережелерін түсіндіру мақсатында 17 мамыр күні семинар өткізілді. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Г.Ж.Иманғалиева өзін-өзі бағалауды өткізу тәртібін жан-жақты түсіндірді. Барлық сұрақтарға да жауап берілді.
10.2023 жылғы 23 мамырда Департаменттің ұйымдастыруымен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі базасында колледж басшыларының қатысуымен 2023 жылғы колледждердің мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңеске Ақтөбе облысы білім басқармасы, "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы, "Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" АҚ, Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері шақырылды.
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева колледждердің мемлекеттік аттестаттау нәтижелеріне тоқталып, "Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы" ҚР Білім Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығының тармақтарының бұзылғандығын көрсетті.
Семинар барысында ТжК білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелер талқыланды.
11.8 мамыр күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2022-2023 оқу жылының аяқталуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертлеуова мен Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева ағымдағы оқу жылының аяқталуы, қорытынды емтихандар, мектеп бітіру іс-шараларын өткізу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы баяндама жасады;
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева Аманат партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.
Отырыста аймақтағы апатты, үшаусымды мектептердің мәселесін шешу мақсатындағы жұмыстар және мектеп құрылыстары, замануи стандарттар бойынша мектептерді жаңғырту сұрақтары қаралды;
12.2023 жылғы 9 маусымда Ақтөбе қаласындағы №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының базасында қаланың жекеменшік мектептері басшылары, директор орынбасарларының қатысуымен Департамент тарапынан семинар-кеңес өткізілді.
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева мектеп өкілдерін 2023 жылға бекітілген мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесімен таныстырды, ҚР "Білім туралы" Заңына және "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық түсіндірілді. Бұдан басқа, аттестаттау кезінде жүргізілетін бақылау жұмыстары, оқушылар, ата-аналар мен педагогтар арасында сауалнама жүргізу рәсімі түсіндірілді.
Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына сәйкес жекеменшік мектептердің білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу қажеттігі туралы хабардар етті.
Семинар барысында жеке білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптар, ҚР БҒМ 06.04.2020 жылғы №130 бұйрығының талаптарына сәйкес мектепішілік бақылаудың сәйкестігі, ҰБДБ деректерінің сәйкестігі және басқада проблемалық мәселелер талқыланды.
13.27 маусым күні Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің "Ақтөбе облысының білім беру саласындағы өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары (2022-2023 оқу жылы)" тақырыбындағы отырысына Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева қатысып, мемлекеттік бақылау шаралары барысында анықталған және шешімін қажет ететін мәселелер бойынша баяндама жасады.
14.2023 жылғы 3 шілдеде Департаментте 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының талаптарын түсіндіру бойынша жалпы білім беретін мектептердің басшыларымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Департамент қызметкерлері заңды тұлғаларда әртүрлі мекенжайлар бойынша орналасқан бірнеше ғимарат болған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу мәселелері бойынша түсініктемелер берді.
Ақпараттық жұмыстар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы үнемі өткізіледі.
Департаменттің әлеуметтік желілері қоғамды ақпараттандыру мен кері байланыс орнату үшін ең тиімді құрал болып отыр (инстаграм парақшасында 3189 жазылушы 1388 жарияланым, телеграмда 871 қатысушы, фейсбукте 1100 адам жазылған). Департамент басшысы, басшының орынбасары тарапынан Департаменттің әлеуметтік желісі арқылы 4 тікелей эфир өтті.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ жүзеге асыру шеңберінде келесі жұмыстар атқарылды:
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық кеңесші органының отырысы өтті. Отырыста педагогтер тарапынан аттестация барысында тапсыратын ұлттық біліктілік тестілеуде жіберілген заңбұзушылықтар бойынша мәселелер қаралды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысын бақылау қызметі.
Есептік кезеңде ЕСЭДО, Е-Өтініш жүйелері арқылы Департаментке түскен өтініштердің жалпы саны – 80. Оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 74, заңды тұлғалардан – 6 өтініш.
Жеке тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындысында:
Құзыреттілігі бойынша қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға толық және ішінара жолданғаны – 21;
Толық қанағаттандырылғаны – 16;
Арыз иесінің өтініші бойынша қарау тоқтатылды – 16;
Жазбаша түсініктеме берілді – 21;
Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындысында:
Толық қанағаттандырылғаны – 1;
Жазбаша түсініктеме берілді – 5.
Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері сақталған, заң бұзушылықтар орын алмаған.
Сонымен қатар келесі мониторинг шаралары өткізілді:
1.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында білім беру ұйымдарына бару арқылы мониторинг жүргізілді.
Мониторингке Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мартук, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Ырғыз, Шалқар, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласының 31 жалпы білім беретін мектептері қамтылды.
2.ҚР Оқу-ағарту министрінің «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерінің үлгеріміне мониторинг жүргізу бойынша тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Ақтөбе облысының білім басқармасы мамандарынан құралған жұмыс тобымен облыс аумағындағы "Алтын белгі" белгісіне үміткерлерінің саны артқан мектептерге наурыз айында ішінара мониторинг жүргізілді.
3.26 сәуір мен 12 мамыр аралығында 79 мектептің 4 және 9-сыныптары арасында оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «Өрлеу» Ақтөбе филиалының қызметкерлері білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізілуіне бақылаушылар ретінде қатысты.
4.Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру бойынша жүргізілген мониторинг барысында ҚР БжҒМ 06.04.2020 ж. №130 бұйрығы талабына сәйкес мектеп әкімшілігінің мектепішілік бақылау жоспарының болуы, мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатынас, оқу пәндерінің берілу жайына жүргізілген мониторинг, қысқа және орта мерзімді жоспарлардың тексерілуі, тәлімгерлік шаралары, электронды сынып журналының жүргізілуі, БЖБ/ТЖБ орындау бойынша тексеріс, оқушылардың үлгерім табельдерінің жүргізілу барысын тексеру бағытындағы атқарылған жұмыстары зерделенді.
Сонымен қатар, мониторинг барысында Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің сәйкестігі, интернет жылдамдығы, «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуына қатысты сұрақтар да қамтылды;