Білім туралы құжаттарға апостиль қою тәртібі

Білім туралы құжаттарға апостиль қою тәртібі

 

            2017 жылдың 19 маусымынан бастап Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызметті Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жүзеге асыра бастады.

            Апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

            Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты Гаага Конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

            «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

            Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап: Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы және портал үшін 5 (бес) жұмыс күні; басқа аймақтардағы Мемлекеттік корпорация үшін – 15 (он бес) жұмыс күн.

            Аталған Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 209 бұйрығымен рәсімделген.

Дата публикации
21 апреля 2023