Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаныдағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) міндеттері педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу, білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсартуға, педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеуге ықпал ету, педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу, педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымының басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
2026 жылы 3 тоқсаны бойынша Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 1 отырыс өткізіліп, 1 оқыту семинары ұйымдастырылды.
Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы негізінде хаттамалардың мазмұны мен құрылымы Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің талабына сәйкес жүргізілуде.
2026 жылдың 4 тамызындағы 4 отырысында келесі тақырыптар қаралды:
1. "Әдептік дауларды медиация арқылы шешу" - Жасакбаева Жайнагул Сағатқызы, кәсіби медиатор, «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңес мүшесі;
2. "Педагогтің кәсіби беделі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі" - Д.Б.Муханбедиярова, "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, кеңес мүшесі.
Кеңес барысында аталған мәселелер қаралап, төмендегідей ұсыныстар берілді:
1. Білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және әдептік даулардың алдын алу бойынша жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2. Педагогтерге әдептік сипаттағы дауларды шешу кезінде диалог, келіссөз және медиация мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жөнінде әдістемелік ұсынымдар беру.
3. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтердің медиация негіздері бойынша құқықтық және практикалық білімдерін жетілдіру мақсатында «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігінің келісімімен оқыту семинарын, семинар-тренингтер ұйымдастыру.
4. "Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" қоғамдық бірлестігі 10 қызметкерді медиация бойынша «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігінде біліктілігін арттыру бойынша курстан өткізуді ұйымдастыру.
https://www.instagram.com/p/DbnzyjMiF-a/?stkn=Z2dkaHRnbnZtM2Rz
А.ж. 30 қыркйегінде департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп ұжымындағы дауларды медиация арқылы реттеу және тиімді коммуникация мәселелеріне арналған «Заң мен тәртіп қағидаты аясында мектеп ұжымындағы дауларды медиация арқылы реттеу және тиімді коммуникация» оқыту семинары ұйымдастырылды.
Іс-шараға департамент басшысы Г.С. Сарсенгалиева, департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Л.Ш. Уралбаева, Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы М.О. Қосымбаева, департаменттің бөлім басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері және кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Семинар барысында «Педагогтің кәсіби беделі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі» тақырыбында «Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Д.Б. Муханбедиярова , Еуропа Ассамблеясының Құрметті мүшесі, PhD докторы, жаттықтырушы-медиатор С.А. Балпеисова «Заң мен тәртіп қағидаты және мектептегі дауларды басқару», «Мектептегі дауларды медиация арқылы реттеу», «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кәсіби медиатор Ж.С. Жасақбаева «Тиімді коммуникация және жанжалды жағдайлардағы қарым-қатынас» тақырыптарында баяндама жасап, практикалық тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушыларға нақты кейстер ұсынылып, жанжалды жағдайларды тиімді басқару, келіссөз жүргізу, өзара түсіністікке қол жеткізу және дауларды бейбіт жолмен шешу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Семинар педагогикалық әдепті сақтау, кәсіби қарым-қатынас мәдениетін арттыру және білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/Dd8EZykIPq9/?stkn=enQ1dWl6OWhwY3R3
https://www.instagram.com/p/Dd8FksfCBF1/?stkn=Nzk0ZnMzM3RpZ2pj