Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы атқарылған жұмысы туралы есепті және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы мәлімдейді.

Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі») мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне сәйкес:

         1 – «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашасындағы № 483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 01.07.2026-30.09.2026 жж. аралығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 42 өтініші қаралған (шілде-15, тамыз-8, қыркүйек -19). Оның ішінде:

-       лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 37  өтініш;

-       лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 5 өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 42 өтініштің 29-на қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмеуі себепті бас тартулар орын алды.

 

         2 - "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары. 

2026 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында барлығы 263 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде, мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) 250 өтініш, egov (ПЭП) арқылы 13 өтініш түскен.

263 өтініштің 246 қанағаттандырылса, 17 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Атап айтсақ, өтініш иесінің қайтарып алуы - 3, 9 өтініш мемлекеттік төлем төленбегендіктен, 3 – жоғары оқу орнының құжаттарын жіберген, 2 – департамент тарапынан көрсетілмейтін мемлекеттік қызметке өтініш берілгендігіне байланысты бас тартылды.

Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактісі тіркелген жоқ.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметшілер жоқ.

Департамент атқаратын функциялар қатарында «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» белгілері бар «жасырын» қызметтер қарастырылмаған.

Департаменттің ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер», «Электрондық лицензиялау» порталын пайдаланушыларына, Білім туралы құжаттарға апостиль қою атты бөлімдер қарастырылған.

А.ж. 31 шілдесінде Департаменттің білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі туралы мақала жарияланды.

https://www.instagram.com/p/DbdNUgHs7DB/?stkn=cDVxdHk5aDRqdG10

21 тамыз күні өткен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысында Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Б. Каратаев «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру қызметін лицензиялау: сапаны қамтамасыз етудің негізгі талаптары мен өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Секция барысында білім беру қызметін лицензиялауға құжаттарды дайындау кезінде нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы редакциясын басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының лицензияға қосымша алу бағытында жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып, лицензиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.

https://www.instagram.com/p/DcTrivkiNur/?stkn=YzcwZTlkZHFyemUw

2026 жылғы 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының ұйымдастыруымен тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфирге Департаменттің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Б. Каратаев қатысып, білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берді.

Атап айтқанда, келесі мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме берілді:

🔹 «Білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау»;

🔹 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың шығатын ресми құжаттарын апостильдеу».

Эфир барысында аталған мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, талаптары және өзекті мәселелер түсіндіріліп, азаматтар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

https://www.instagram.com/p/Dc0RhoOudRj/?stkn=b2hhcHR0bXBhNHAy

Дата публикации
06 октября 2026