2026-2027 оқу жылына мектептердің дайындығына жүргізілген мониторингтің екінші кезеңінің нәтижесі туралы ақпарат (ІІІ тоқсан бойынша)

Мониторингтің екінші кезеңіне Ақтөбе облысының 20 (19 мектеп, 1 балабақша) білім беру ұйымы бекітілді.

Мониторинг шеңберінде  19 мектеп және 1 балабақшаның жаңа оқу жылына дайындығы қаралды.

Мониторинг жүргізілген 19 мектептің ішінде 14 толық жинақты, 5 шағын жинақты мектеп.Жөндеуді қажет ететіні – 4 мектеп, күрделі жөндеу жұмыстары 9 білім беру ұйымында жүргізілді (8 мектеп, 1 балабақша).

Мониторингпен қамтылған 19 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. Байланыс операторларымен жасалған қолданыстағы келісімшарттар негізінде қызмет алуда. Білім беру ұйымдарындағы интернетке қосылу жылдамдығы 50-ден 100 Мбит/с-қа дейінгі аралықты құрайды.

Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3 030 059, 813 теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Дайындық деңгейі 25-85% аралығын құрайды.

Облыстағы 19 мектеп, 1 балабақшаның  барлығы бейнебақылау жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарында барлығы 899 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде 571-і ішкі, 328-і сыртқы камералар орнатылған.

11 (57,9%) мектепте лицензияланған күзет қызметі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 14 мектепте турникеттер, 17 мектепте дабыл түймелері орнатылған.

18 (89,4%) мектепте спорт залы бар және спорттық жабдықтармен жабдықталған.

15 (78,9%) мектепте химия, биология, физика кабинеті, 6 (31,6%) мектепте робототехника кабинеті жұмыс істейді.

Кітапханамен барлық мектеп қамтылған. Оның ішінде 5 (26,3%) мектепте жеке оқу залы бар, ал 14 (73,7%) мектепте оқу залы кітапханамен біріктірілген.

Барлық білім беру ұйымдары асханамен қамтылған. Асханалар санитариялық талаптарға сәйкес қажетті технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған.

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде жүргізілген. Сонымен қатар, 7 мектепте ерекше білім алуды қажет ететін балалар қабылданған. Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін арнайы мамандар (логопед, дефектолог, педагог-ассистент және т.б.) қызмет атқарады. Білім беру ұйымдары арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 19 мектепте (100%) білім беру ұйымына кедергісіз кіру үшін пандустар орнатылған.

19 мектепте 1250 педагог жұмыс жасайды. 11 мектепте педагог кадрларға қажеттілік 44 бірлікті құрайды.

Жарияланған конкурс бойынша орындардың жалпы саны – 124.

Біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтер саны – 1162, жалпы педагог санынан 58 педагог жас мамандар қатарынан болса, 30 педагог бала күтіміне байланысты демалыста.

Біліктілік санатын арттырған педагогтер саны – 924, жалпы педагог санынан 69 педагог жас маман болса, 87 педагог бала күтіміне байланысты демалыста, 17 педагог зейнет жасында, 153 педагог біліктілік тестін тапсырған.

Облыс мектептерінің кітапхана қорында 1–11 сыныптарға арналған 109871 дана оқулық бар. Қосымша сатып алуды қажет ететін 1–11 сынып оқулықтарының саны 5574 дананы құрайды.

Дата публикации
06 октября 2026