Мемлекеттік аттестаттау:
2026 жылдың шілде-қыркүйек айында барлығы 61 мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығының 24, 25 тармағы талабына сәйкес 59 мектепке дейінгі ұйымына анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жолданып, 3 айға дейінгі мерзімде сәйкессіздіктердерді жою туралы іс-шаралар жоспары ұсынылды.
Жоспардан тыс тексерулер:
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанына есебі бойынша арыз шағым негізінде 4 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде 4-де (100%) кемшілік анықталды. Жеті білім беру ұйымына бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Әкімшілік істер
2026 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында барлығы 5 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды (лауазымды тұлға –4, жеке тұлға - 1 ) оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 409 - бап 2 бөлігімен – 1 (ескерту – 1), 409 баптың 4 бөлігі 7-тармағымен - 2, 127-1 баптың 1-бөлігімен -2 әкімшілік хаттама толтырылды.