Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды:
1.Департамент қызметкерлерінің қатысуымен 2 ақпан күні өткізілген аппараттық кеңесте Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге материалдық сыйақыны, сыйлықтарды қабылдауға тиым салынған және білмей келіп түскен сыйлықтарды уәкілетті органға тапсыру қажет деп көрсетілгені, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 3-тарауы 6-тармағының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыймсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламауы керек делінгеі, осыға орайі мемлекеттік қызметшілерге білмей келіп түскенсыйлықтарды уәкілетті органға өтеусіз беру бойынша жадынама талаптары және тексеру барысында Қазақстан Республкасы Кәсіпкерлік кодексінің 145- бабы 2-тармағының 12)тармақшасына сәйкес заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы керек екені көрсетілгенін негізге ала отырып, бақылау қадағалау субъектісін тексеру тағйаындау актісінің түпнұсқасымен таныстыру қажеттігін ескеру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DUQc_Y3iBkt/?igsh=bWJxc3JvYXNnYjc0
2.2026 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Н.Досекешов пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Б.Мамытхановтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті, әріптестермен қызметтік қарым-қатынасты реттеу, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық - әдептілік нормаларын ұстану мәселелері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәджениетті қалыптастырға ерекше назар аудару қажеттігі, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын жүзеге асыру бағытында толық ақпараттар берілді.
https://www.instagram.com/p/DU0l04PgsLR/?igsh=MXRoYnd2MG9uOTFvYw==
3.Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
https://www.instagram.com/p/DV-96KeiK_b/?igsh=NXl5NjR4bTF2Z3U5
5.Ақтөбе орта мектебінің 10-11 класс оқушылары арасында 13 наурыз күні «Мемлекеттік қызмет –ел тірегі» апталығы шеңберінде кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, мемлекеттік қызметшінің кәсіби жолымен таныстыру және оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал ету.
Кездесуге Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Жаманова арнайы қатысып, оқушылармен өз тәжірибесін бөлісті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.
https://www.instagram.com/reel/DV2xdqZCLCB/?igsh=dDhqMm81MHBqc2Y0
https://www.instagram.com/p/DV-WntPiBE_/?igsh=MTVtMWllcHEwZ3lmMQ==
https://www.instagram.com/p/DV-WntPiBE_/?igsh=MTVtMWllcHEwZ3lmMQ==
7.Департамент қызметкерлері 20 наурыз күні жаңару мен жаңғырудың, татулық пен берекенің бастауы – Наурыз мерекесін атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DWHBogIiN11/?igsh=MWMzaW0xMG5nODg5cg==
https://www.instagram.com/reel/DWgX1PfjEGO/?igsh=c3k2enNianZkeTFq
https://www.instagram.com/p/DW8XquRCESe/?igsh=MWU0ZGhhMnN4anh3aw==
11.Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 14 сәуірде кезекті сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DXBgrFPiPjg/?igsh=MTN6bWd0cDhlc3BwNQ==
12.Сәуір айының 29 жұлдызында жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарын лицензиялау мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырылды. Осы шараға жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарының заңды өкілдері қатысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басшысының орынбасары С.Ибраева, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr
13.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына ағымдағы жылдың 6 айы бойынша мониторинг жүргізілді. Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу деректері орын алмағаны анықталды.
https://www.instagram.com/reel/DYEVsUQoLEb/?igsh=bWMwdzFyZTB4MXcz
https://www.instagram.com/reel/DYmVFUXoaBW/?igsh=MWJoNWNiMnNsaWxycg==
https://www.instagram.com/reel/DY8vd3ds_-L/?igsh=MWxuZnl4cnJiMTdzeQ==
https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg==
https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg==
20.Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу мақсатында 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Л.Кализина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен, Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Б.Колкабаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DZ7XYNzCFgj/?igsh=NzR2dGwyandmbHNl