Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жаңашылдықтарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинарды Абай облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ибраева Ирина Николаевна өткізді.
Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі жаңашылдықтары, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, қызмет өткеру ерекшеліктері, кәсіби бағдарлау және мансаптық өсу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын сақтау және қызметтік міндеттерді заң талаптарына сәйкес орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.
Семей қаласында «Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер» тақырыбында педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы ұйымдастырылды.
Конференция барысында білім сапасын арттырудың басым бағыттары, оқушылардың функционалдық және оқырмандық сауаттылығын жетілдіру, құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін нығайту, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану мәселелері қарастырылды.
Іс-шараға Департамент басшысы Б. Мәсәлімова қатысып, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелер көрсеткен педагогтерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының Алғыс хаттарын табыстады.
Жаңа оқу жылы – сапалы білімге, жаңа бастамаларға және биік нәтижелерге бастайтын жаңа мүмкіндіктер кезеңі!
Семей қаласында педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтіп, жаңа оқу жылына арналған негізгі бағыттар мен өзекті міндеттер талқыланды.
Іс-шара барысында педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары «Тәжірибе-PRO» алаңында өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Ал «Педагогикалық зертхана» секцияларында білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық тәсілдер таныстырылды.
Биылғы конференция жаңаша форматта ұйымдастырылды. Пленарлық отырыс Мәдениет сарайында өтсе, «Педагогикалық зертхана» шеңберіндегі пәндік секциялар №50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейінің базасында өткізілді. Екі алаң онлайн байланыс арқылы өзара сабақтастырылып, қатысушыларға тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік берілді.
Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Мәсәлімова «Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау: жаңа талаптар, жауапкершілік және сапалы білім беру ортасы» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, лицензиялау рәсімдеріндегі өзгерістер, білім беру сапасын қамтамасыз ету тетіктері және заңнама талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Конференцияға білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары және орынбасарлары қатысты. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, лицензиялау және білім беру қызметін ұйымдастыруға қатысты практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға, заңнама талаптарын бірізді түсіндіруге және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Семей қаласындағы «Ес-Аймақ» рухани орталығында жаңа оқу жылына арналған Абай облысы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбындағы маңызды жиынға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім саласының басшылары мен педагогтер және Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қатысты.
Конференция барысында өңірдегі білім беру жүйесінің негізгі бағыттары, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер мен адами капиталды дамыту мәселелері талқыланды.
Жиын аясында білім саласының бірқатар үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық марапаттары және «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды.
Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымының жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басуына, өзекті мәселелерді талқылап, білім сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Жаңа оқу жылы барша педагогтерге сәттілік пен толағай табыс әкелсін!
Ағымдағы жылдың 13 тамызында қылмыстық-атқару мекемелерінде оқу процесін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, оның алдағы кезеңдегі тиімді жұмыс істеу нысанын айқындау және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ұйымдастырды. Іс-шараға аумақтық департаменттердің, білім басқармаларының өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдерінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.
Жұмыс кездесуі барысында қылмыстық-атқару мекемелеріндегі білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша өңірлерге жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының толық әрі сапалы дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру процесін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстың білім басқармасы және аудандық, қалалық білім бөлімдерімен бірлесіп мемлекеттік мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты – білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылын уақтылы әрі сапалы бастауға дайындығын бағалау және білім алушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз, қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету.
Мониторинг барысында ерекше назар келесі бағыттарға аударылуда:
✅ күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі мен олардың белгіленген мерзімде аяқталуы;
✅ инженерлік инфрақұрылымның, оқу кабинеттерінің, спорт және акт залдарының, асханалар мен санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың жаңа оқу жылына дайындығы;
✅ мектеп аумақтарының абаттандырылуы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы;
✅ білім беру ұйымдарының басшыларымен және мердігер ұйымдармен бірлесіп анықталған мәселелерді жедел шешу.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты ұсынымдар беріліп, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі.
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын өткізуге белсенді қатысып, олардың сапалы жүзеге асырылуына үлес қосқан сарапшылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Департамент сарапшылардың кәсібилігі мен жауапкершілігін жоғары бағалайды және олардың білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесіне алғыс білдіреді.
👏 Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт пен кәсіби табыстар тілейміз!
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Гүлзада Сейлханқызы Сейтказина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мен лицензиялау бағытындағы кәсіби қызметі, жауапкершілігі, жоғары біліктілігі және білім сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз! Марапат құтты болсын!
Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау қызметі толық автоматтандырылды. Өтінімді elicense.kz порталы арқылы онлайн түрде береді.
Электронды формат:
✅ құжат рәсімдеу процесін жеңілдетеді;
✅ уақыт пен әкімшілік шығындарды азайтады;
✅ лицензиялау рәсімінің ашықтығын арттырады.
2026 жылдан бастап балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметі міндетті лицензиялауға көшті.
Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес «балалар сауықтыру лагері» ұғымы «балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы» терминімен алмастырылды. Бұл ұйымдардың тек сауықтыру емес, сонымен қатар білім беру бағытындағы қызметін де қамтитынын көрсетеді.
Лицензия алу үшін:
▫️ elicense.kz порталына кіру;
▫️ «Білім беру» бөлімінен тиісті қызмет түрін таңдау;
▫️ қажетті мәліметтерді енгізу;
▫️ мемлекеттік баж салығын төлеу;
▫️ өтінімді ЭЦҚ арқылы растау қажет.
Лицензия 5 жыл мерзімге беріледі. Өтінімді қарау мерзімі – 30 жұмыс күніне дейін.
Лицензиялық талаптар балалардың қауіпсіздігін, медициналық қызметтің болуын, санитариялық нормалардың сақталуын, білім беру-сауықтыру бағдарламаларын және қолайлы инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл қызмет ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.