14 наурыз күні Абай облысы білім басқармасының басшысы Н.Ахмеқалиевтің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Отырыста Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Масалимова 2024 жылдың қорытындысы, 2025 жылдың жоспарына тоқталып, бақылау, бағалау шараларында анықталған мәселелерді көтерді.
«Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму платформасы, педагогтердің біліктілік санатын көтеру, біліктілігін арттыру курстарынан өту туралы сөз қозғалды.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу, оны ұйымдастыру және тағы басқа сұрақтар көтерілді.