
Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын тексеру мақсатында профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымдағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
«Бұзушылықтарды жою бойынша жауапкершілік тек білім беру ұйымдарының басшыларына ғана емес, сонымен қатар тиісті басқару органдарына да жүктеледі. Тексеру шаралары барысында министрлік тарапынан ұйымдарға білім саласындағы заңнаманы қолдану бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді», – деп атап өтті комитеттің бас маманы Гульжиян Жусупкалиева.
Жылдың соңына дейін еліміздің тағы 50 білім беру ұйымында тексеру шаралары жүргізілетін болады, бұл туралы толық ақпарат https://rchl.govtec.kz/ сайтында жарияланған жарты жылдық тізімде көрсетілген.