Абай облысында Республика күні қарсаңында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданғандар ант берді.

Абай облысында Республика күні қарсаңында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданғандар ант берді.

Еліміз үшін ерекше мерекеге орайластырылған ант беру рәсімі –жаңа буынның мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамы.
Өз міндетін адал атқаруға, халық пен мемлекетке қалтқысыз қызмет етуге ант бергендердің қатарында Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Мақсат Сағдатұлы Абуғалиев те бар.

Салтанатты жиында лауазымдарға тағайындау құқығы бар мемлекеттік органдардың басшылары жаңа қызметкерлерден ант қабылдап, олардың мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылғанын ресми растады.