
25-27 қыркүйек аралығында Абай облысында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында «Мектепте білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Оған «Мақсатты мектеп» жобасына енген мектеп басшылары шақырылды.
Семинар мақсаты: тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту.