
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті 2024 жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдары басшыларымен онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы семинар-кеңес ұйымдастырды.
«Білім туралы» Заңның 59-бабына сәйкес білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын дайындау, оқыту нәтижесіне жүргізілетін компьютерлік тестілеуді өткізудің ерекшеліктері және тағы да басқа өзекті тақырыптар түсіндірілді.
Адалдық пен шынайылықты сақтау қажеттілігі ескертілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ескерту, түсіндірме жүргізілді.