АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 40-ҚА ЖУЫҚ ПЕДАГОГ МАРАПАТТАЛДЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 40-ҚА ЖУЫҚ ПЕДАГОГ МАРАПАТТАЛДЫ

Абай облысының педагогтері жаңа 2024-2025 оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоғары марапаттарына ие болды. Атап айтсақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты , Құрмет грамотасы, «Еңбек ардагері» медалі, сондай-ақ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Қосымша білім беру ісінің үздігі» дипломы бар.
Бұл марапаттар облыстың білім беру саласындағы үздік жетістіктерін айшықтап, педагогтердің қоғамдағы орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.