Секциялық отырыстар: Цифрландыру және инновациялардың жаңа белестері

Секциялық отырыстар: Цифрландыру және инновациялардың жаңа белестері

Абай облысында «DIGITAL ABAI: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тамыз кеңесі аясында секциялық отырыстар өткізілді. Секциялық жұмыстарда цифрландырудың білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелері қарастырылды және білім беру саласында инновациялар мен жаңа технологияларды енгізудің маңызды бағыттары талқыланады.

Секциялардың бірі «Елдің 943 нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру мәселелеріне арналып, онда аталған мектептердің басшылары қатысты.
Аталған секцияда Абай облысы бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Масалимова жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау/мониторинг қызметі туралы баяндады.