
Оқу жылының басталуымен қатар Департаменттің аттестациялық комиссиясы да өз жұмысын бастады. Осы жылдығ желтоқсан айына дейін 34 оқу орыны аттестациядан және 28 білім беру ұйымы қайта аттестациядан өтулері тиіс.
Департамент Абай облысының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен және сала мамандарымен ZOOM арқылы Мемлекеттік аттестаттауға байланысты әдістемелік семинар кеңес өткізді.
Департамент басшысының орынбасары Г.Сейітказина мен бөлім басшысы С.Ахметов Мемлекеттік аттестаттауға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.