Білім беру ұйымдары, білім бөлімдері, басқарма қызметкерлерімен өткізілген білім беру барысында резонанстық ахуалдың алдын алу жөніндегі жиналыс

Білім беру ұйымдары, білім бөлімдері, басқарма қызметкерлерімен өткізілген білім беру барысында резонанстық ахуалдың алдын алу жөніндегі жиналыс

Оқу-ағарту министрлігі тапсырмасына сәйкес Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті білім саласындағы әр деңгейдегі басшылармен онлайн жиналыс өткізді. Негізгі көтерілген мәселе - жаңа оқу жылының басында білім жүйесінде орын алған резонансты жағдайларды талқылау және тиімді шешімдер ұсыну. Жиналысқа облыстың барлық аудан мен қалаларынан 500ден астам адам қатысты.

Білім саласы басшыларына аталған жағдайларды болдырмау мақсатында Министрліктің әзірлеген тиісті құжаттары түсіндіріліп жеткізілді. 

Білім берудегі қауіпсіздік, сапа және тәрбиенің тиісті деңгейін сақтауда басшылардың ерекше назары мектепішілік бақылау инструкциясымен жұмыс жүргізуге аударылды .

Жиналыстың соңында әр мектепте жариялануға тиіс Департаменттің дайындаған жаднамасы таныстырылды. Бұл жаднама кез келген қоғам мүшесіне білім беру ұйымында сақталуға тиіс талаптар бойынша наразылығын Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіне жеткізуге мүмкіндік береді.