Жарма ауданында тағы бір мектеп жаңаланды

Жарма ауданында тағы бір мектеп жаңаланды

Оқу ағарту министрінің тапсырмасымен Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру барысында Жарма ауданында болды. Шар қаласы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» ғимаратының күрделі жөндеу жұмысына, - 393,0 млн. теңге бөлінді; «АЛАУ» ЖШС-мен 2023 жылғы 3 наурызда № 61 келісім шарт жасалды, шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі - 2023 жылғы   15 мамырдан 15 қыркүйекке дейін. 

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін оқу жылының басында 280 баланы Шар қаласындағы "Б.Тұрсынов ат. орта мектеп" КММ-ге ауыстыру жоспарлануда (жобалық қуаты - 300 орын, контигент - 280 бала). Оқыту 2 ауысымда жүргізіледі. Алайда жұмыс қарқыны өте жоғары, сонымен қоса мердігер өз қаражатынан акт залына қосымша жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ұстаздар мен түлектер тазалау жұмыстарына белсенді кірісіп 1 қыркүйекке мектеп дайын болатынына үмітті.