Жөндеу көрмеген мектеп толығымен жаңаланып жатыр

Жөндеу көрмеген мектеп толығымен жаңаланып жатыр

Жаңа оқу жылына дайындықты тексеру барысында Абай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өкілдері күрделі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін  аяқталмайтын мектептердің жағдайын зерделеді. Сондай мектептің бірі Үржар ауданында.

«Көктерек орта мектеп – бақшасы» КММ күрделі жөндеу жұмыстарына «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша – 286,2 млн. теңге бөлінді, «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалды, шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі - 17.05.2023 - 18.12.2023. Бұрын соңды жөнделмей келе жатқан мектеп ғимараты толық жаңаланып келеді.

Оқу жылының басталуына кедергі жасалмау үшін мектеп директоры жөндеу жұмыстарын кезеңдерге бөліп, оқу ғимаратының бір бөлігін бұздырмаған. Осы шешімнің оңтайлығы оқушылардың басқа мектептерге қатынап немесе бейімделген ғимараттарда емес, өз оқу орындарында екі ауысымда білім алуларына мүмкіндік берді.

Қалыптасқан ахуалды түсіндіру үшін Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп ата-аналармен кездесті. Кездесу барысында ата-аналардың мектептің жаңаланған күйін  түсіністікпен қолдап отыр