Сапалы білім беретін мектепте оқуды жалғастыру

Сапалы білім беретін мектепте оқуды жалғастыру

Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына "Аягөз қаласында 2017-2018 оқу жылында жаңадан ашылған Абай облысы білім басқармасының (бұрынғы ШҚО) Аягөз аудандық білім бөліміне қарасты «№9 Аягөз қалалық аралас бастауыш мектебі» КММ-нің ата-аналары атынан Сізден осы аталған мектебімізді 9 жылдық, яғни негізгі білім беретін мектепке ауыстыруға көмектесуіңізді сұраймыз." - деп жазылған хат түсті.

Бұл мәселенің анық қанығын білу үшін 21 тамызда Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өкілдері ата-аналармен кездесті. Кездесуге Абай облысы білім басқармасы мен Аягөз ауданы білім бөлімә өкілдері қатысты.
Білім алудағы сабақтастықты қалыптастыру үшін осы мектепте негізгі білім беру бағдарламасын ашу туралы өтініш келесі мәселелерді шешуді талап етеді:
1. оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі (бейімделген ғимарат 1960 жылдары салынған)
2. заманауи пән кабинеттерінің жоқтығы
3. Негізгі буынға арналған оқулықтардың алынуы
сонымен қоса білім бөлімі Аягөз қаласындағы демографиялық жағдай мен оқу орындарындағы жетіспеушілікті талдап Білім басқармасына сұраныс жібереуін қамтамасыз етеді.
Кездесу барысында министрлік өкілдері ата-аналар мен жергілікті атқарушы органдарға шешімнің екі жолын зерттеуді ұсынды:
- бастауыш деңгейін аяқтаған соң сынып толығымен негізгі буынға көшуін қамтамасыз ету үшін жақын орналасқан серіктес мектепті анықтау;
- негізгі мектеп бағдарламасын іске асыру үшін қажетті қаражат пен тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бюджеттік сұранысты облыстық әкімдікке ұсынып қорғап шығу.
Аталған мәселелерді бақылауда ұстау үшін жергілікті атқару органдары әр тоқсан сайын ата-аналарға есеп беруді қамтамасыз етеді.