Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мектептерінің 2023-2024 оқу жылының дайындығына мониторингті бастады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 14 шілдеден бастап Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  мемлекеттік мектептерінің 2023-2024 оқу жылының дайындығына мониторингті бастады.

Мониторингті Департамент қызметкерлері, сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ , «Alikhan Bokeikhan University» өкілдері жүргізеді.

Мониторингпен білім алушылардың қауіпсіздігі, интернет желісіне қолжетімділік, мектептерді жөндеу (күрделі, ағымдағы), жаңа үлгідегі кабинеттер мен зертханалардың, кітапхананың, асхананың, спортзалдың және тиісті мүкәммалдың болуы және т. б. мәселелер қамтылды.