
Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау қызметі толық автоматтандырылды. Өтінімді elicense.kz порталы арқылы онлайн түрде береді.
Электронды формат:
✅ құжат рәсімдеу процесін жеңілдетеді;
✅ уақыт пен әкімшілік шығындарды азайтады;
✅ лицензиялау рәсімінің ашықтығын арттырады.
2026 жылдан бастап балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметі міндетті лицензиялауға көшті.
Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес «балалар сауықтыру лагері» ұғымы «балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы» терминімен алмастырылды. Бұл ұйымдардың тек сауықтыру емес, сонымен қатар білім беру бағытындағы қызметін де қамтитынын көрсетеді.
Лицензия алу үшін:
▫️ elicense.kz порталына кіру;
▫️ «Білім беру» бөлімінен тиісті қызмет түрін таңдау;
▫️ қажетті мәліметтерді енгізу;
▫️ мемлекеттік баж салығын төлеу;
▫️ өтінімді ЭЦҚ арқылы растау қажет.
Лицензия 5 жыл мерзімге беріледі. Өтінімді қарау мерзімі – 30 жұмыс күніне дейін.
Лицензиялық талаптар балалардың қауіпсіздігін, медициналық қызметтің болуын, санитариялық нормалардың сақталуын, білім беру-сауықтыру бағдарламаларын және қолайлы инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл қызмет ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.