
Абай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Абай облысы Білім басқармасына қарасты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық жобасы аясында салынған келешек мектептерде білім беру қызметінің сапасына кешенді зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Зерделеу барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, оқушылардың қауіпсіздігі, материалдық-техникалық базаның жай-күйі, педагогикалық және әкімшілік кадрлардың біліктілігі, «Адал азамат» жобасы аясындағы тәрбиелік жұмыстар, мектеп кітапханасының жағдайы мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі жан-жақты қарастырылуда.
Аталған жұмысқа департамент мамандарымен қатар облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының мамандары және өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысуда.
Кешенді зерделеу жұмыстары білім беру сапасын арттыруға, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.