
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Ш.Ақпарова мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті м.а. Ғ.Дәулетова Семейдегі «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған білім беру ұйымдарының қызметімен танысты. «Келешек мектептері» ұжымымен кездесуде вице-министр сапалы білім беруде ұстаз еңбегінің айрықша маңызға ие екенін атап, білім сапасы, оқушылардың қауіпсіздігі, тәрбие жұмысының мазмұны туралы сөз қозғады. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті м.а. Ғ.Дәулетова Келешек мектептерінің білім мазмұны мен басқару мәселелері және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) сапалы іске асыру жайында баяндады.