
Семей қаласындағы Оқушылар сарайының ашылу салтанатына облыс әкімі Б.Уәли, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ш.Ақпарова, ВІ Group компаниясының негізін қалаушы Б. Исабаев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті м.а. Ғ. Дәулетова қатысты.
Оқушылар сарайы – балалардың шығармашылығын, зияткерлік әлеуетін, көшбасшылық қасиеттерін дамытатын, білімді өмір салтына айналдыратын маңызды кеңістік.
Құрылысы 2023 жылы басталған нысанның жалпы ауданы – 9 800 шаршы метр. Оқушылар сарайы 500 балаға шақталған, ауысыммен 1500 оқушыға дейін қабылдай алады.
Мұнда екі бассейн, хореография, шығыс жекпе-жегі, фитнес, үстел теннисі залдары, үстел ойындары, вокал және аспаптық музыка, дыбыс жазу, мүсін және ART студиялары, хореография, актерлік шеберлік, сәулет өнері, сондай-ақ VR технологияларын қолданатын ойындық-имитациялық оқыту кабинеттері жұмыс істейді