Семей қаласында педагогикалық әдеп мәселелеріне арналған кездесу өтті
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде №190 бұйрықтың негізгі талаптары мен педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын ұйымдастыруға қатысты үлгілік қағидалар талқыланып, қатысушылар мектептердегі әдеп мәдениетін арттыру бойынша тәжірибе алмасып, кеңес жұмысы кезінде туындайтын мәселелерді ортаға салды.
Кездесуге департамент жанындағы педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері, мектеп директорлары, мектептегі әдеп кеңестерінің төрағалары, қалалық білім бөлімі басшысы, облыстық және қалалық кәсіподақ төрағалары, облыстық білім басқармасының өкілі қатысты.
Кездесу педагогтардың кәсіби этикалық ортасын нығайтуға бағытталған нәтижелі диалог алаңы болды.