Мемлекеттік аттестаттау барысында 2026 жылы жүргізілетін кешенді тестілеу жұмыстары апробациядан өтуде.
Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің № 486 бұйрығына сәйкес оқыту нәтижелеріне бағалау 4, 9-сыныптардың білім алушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу технологиясы бойынша жүргізіледі. Компьютерлік тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды тұлғаларының байқаушы ретінде қатысуымен жүзеге асырылады.