Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік бақылау шараларына қатысты онлайн кездесу өткізді.
Департамент басшысы Б.Масалимова іс-шараға қатысушыларға «2026 жылға жоспарланған мемлекеттік бақылау шаралары және олардың нормативтік-құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, алдағы жұмыстардың мазмұны мен талаптарын түсіндірді. Мемлекеттік бақылау шараларында жиі кездесетін кемшіліктерге және оларды болдырмау жолдарына тоқталды.
Ашық пікір алмасу алаңында қатысушылармен өзекті сұрақтар талқыланды. Бұл кездесу мемлекеттік бақылау шараларына сапалы дайындық жүргізуге, түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған.
Кездесуге қала/аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.