
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сай Кеңес педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу бағыты бойынша жұмыстар ұйымдастырады.
Отырыс барысында Кеңес жұмысының жоспарына педагогикалық этика саласындағы неғұрлым тиімді қызметке ықпал ететін алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Комиссияның барлық мүшелері талқылауға белсенді қатысып, өз ұсыныстарын енгізді, бұл қойылған мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетеді. Кеңес білім беру ортасын жақсартуға және педагогикалық этиканы сақтауға бағытталған өз қызметін жалғастырады.