МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ә. Карибаева Абай облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік саласындағы заңнаманың жаңашылдықтарын түсіндірме жұмыс жүргізу мақсатында семинар өткізді.

🔹Семинар барысында Ә. Карибаева мемлекеттік қызметшілерді бағалау әдістемесіне енгізілген өзгерістерді және мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Бұдан бөлек, қатысушылармен пікір алмасу арқылы қосымша ақпараттандырылды.