Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі үш аудан - Бесқарағай, Аягөз, Жарма аудандарының шалғайдағы ауылдарында орналасқан білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық ұжымдардың ауылдарда білім сапасын арттыру, балаларға қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Абай облысында 311 мектептің 166-сы шағын жинақты мектептер.
Бесқарағай ауданындағы Башкөл негізгі мектебінде 40 оқушы білім алуда, мектепте 18 педагог қызмет етеді.
Жарма ауданындағы Ақтайлақ би атындағы орта мектебі өңірдегі білім сапасы жоғары мектептердің бірі. Оқушылары жыл сайын облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.
Сонымен қатар, министр осы ауданның Суықбұлақ ауылында апатты деп танылған мектептің орнына салынып жатқан жаңа мектептің құрылысымен танысты.
100 оқушыға арналған білім ордасы 2026 жылы пайдалануға беріледі. Ғимарат «Келешек мектептерінің» архитектуралық жобасының үлгісінде салынуда.
Оқу-ағарту министрі өңірдегі инклюзивті және арнайы білім берудің сапалы ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөліп, Семей қаласындағы №9 «Айгөлек» бөбекжайында болды. Мұнда ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін ресурстық инклюзивті кабинет, логопед және ұлттық құндылықтар кабинеттері, спорт және музыка залдары жасақталған.
Екі күнде облыстың үш ауданындағы білім нысандарының жағдайымен танысқан Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім басқармасы мен аумақтық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшыларына өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, педагогтердің мәртебесін көтеру, балаларға сапалы білім алуға барынша қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді күшейту жөнінде тапсырмалар жүктеді.