Абай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуде мектеп инфрақұрылымы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, спортзалдар, жылыту, су жүйелері, санитарлық тораптар, пән кабинеттері, шеберханалар, сапалы интернетпен қамтамасыз ету, оқулықтар мен оқу құралдары, педагог кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіздік шаралары: бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет жүйесі, мектеп асханаларының талапқа сай болуы және тағы да бірқатар маңызды бағыттарды зерделеді.
Мониторингтің бірінші кезеңінде облыстағы білім беру ұйымдарының жай-күйі, дайындық деңгейі білім бөлімдерінің мәліметі мен Ұлттық білім беру деректер қоры ақпаратынан жинақталды.
Осы аптада бірінші кезеңнің нәтижесінде іріктелген мектептерге департамент қызметкерлері бару арқылы мониторинг өткізуде.
Айта кететіні, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде елімізде 1300-ге жуық мектеп реновацияланады. Абай облысы бойынша бұл тізімге 2025 жылы 9 мектеп еніп отыр.