Меню

Страницы

Статья

Білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ-2023) нәтижелері бойынша Әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру онлайн-семинар туралы

Республиканың 2500-ден астам педагогы 2023 жылғы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ-2023) нәтижелері бойынша Әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру онлайн-семинарына қатысты.
Семинар барысында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сарапшылары өңірлерде ББЖМ-2023 нәтижелерінің екі жыл динамикасымен бөлісті. Өткен жылдағыдай 4-сынып оқушылары орындай алмаған тақырыптардың 9-сынып оқушыларына да қиындық туғызғандығы, яғни «орындалуы қиын тақырыптардың» сабақтастығы байқалды. Терең түсіну мен талдауды талап ететін күрделі тапсырмаларды орындау қиындық тудырды. Сондай-ақ, 9-сынып оқушылары ағылшын тілі мәтініндегі тапсырмаларды орындауда қиындықтарға кезігуде.
«Аталған әдістемелік ұсынымдар оқытудың тиімділігін арттыруға арналған нұсқаулық болып табылады. Әрбір мектеп педагогикалық кеңесте осы әдістемелік ұсынымдарды талқылап, білім беру сапасын арттырудың дұрыс траекториясын құру қажет» екендігін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова атап өтті.
ББЖМ-2023 бойынша әдістемелік ұсынымдар барлық өңірлерге жолданды және Комитеттің ресми сайтына орналастырылды, олармен сілтеме мына бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/.../control/documents/details/558397...
Дата публикации
01 декабря 2023
Дата обновления
01 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 июля 2026
Педагог мәртебесі – қоғамның стратегиялық құндылығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
01 декабря 2023
Білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ-2023) нәтижелері бойынша Әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру онлайн-семинар туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы