Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2026 жылдың 1 тоқсанда жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары туралы
Мемлекеттік аттестаттау жұмыстары. 2026 жылы Департаментпен 12 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттау жоспарына еніп, 4 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттаудан бірінші реттен өткен білім беру ұйымдар саны –1. Қайта мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары – 2, соның ішінде 2 МДҰ (1 мемлекеттік, 1 жеке меншік). 1 МДҰ бару арқылы профилактикалық бақылауға қалды. 2026 жылға білім беру ұйымдарын бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған, бірінші жартыжылдықта – 1 мектепте, екінші жартыжылдықта – 6 мектепте.
Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған негізгі кемшіліктер.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу деңгейінде: тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болмауы және нәтижелерін талдауының сәйкес келмеуі, жас топтарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескермеу, «Ұлттық білім беру деректер қорындағы» деректердің нақты деректерге сәйкес келмеуі анықталды.
Жоспардан тыс тексерістер. Департаментпен 2026 жылы азаматтардан түскен өтініштерге сәйкес 1 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Олардың ішінде педагогтерді жұмысқа қабылдау мәселелері, мектеп директорының ротациясы, балабақша құрылтайшысына наразылық сияқты мәселелер болды. Барлық тексеріс нәтижесінде өтініштерде көрсетілген тиісті нормативтік құжаттар талаптары бұзылғандығы анықталып, бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар берілді.
Жоспарлы тексерістер. Департаментпен 2026 жылы 1 жоспарлы тексеріс Семей қаласының білім бөліміне жүргізілді. Олардың ішінде Пәндік олимпиадаларды, ғылыми жобаларды, кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру бойынша, Біліктілікті арттыру курсы мен курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру тәртібі, педагогтерді аттестаттауды жүргізу және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін сақтау, т.б. мәселелер болды. Барлық тексеріс нәтижесінде өтініштерде көрсетілген тиісті нормативтік құжаттар талаптары бұзылғандығы анықталып, бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар берілді.
Департамент қызметкерлері Абай облысы прокуратурасымен бірге жекеменшік білім беру ұйымдарына және білім басқармасының «Облыстық ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты» қызметіне кешенді тексерісіне қатысты.