Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар
2026 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің бас маманы Д. Екібаев Департамент ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Адал азамат» қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің сервистік және клиентке бағдарланған моделі түсіндірілді.
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік және мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген өзгерістер, қолданыстағы шектеулер және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері қаралды.
2026 жылғы 18 маусымда Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б. Маслимова Департамент қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқықтық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.