
2017 жылдың 15 қыркүйегінде «Қазақстан халқы тілдері күніне» орай, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталған тақырып бойынша Департаменттің бас маманы Б. Реймова баяндама жасады.
Баяндамада, 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланғандығы және тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биікке көтерілгені туралы қызметкерлердің назарына жеткізілді. Сонымен қатар, 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған ҚР «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңына жете тоқталып өтті.