БҚО-да «Жемқорлыққа жол жоқ» күн тәртібімен дөнгелек үстел

БҚО-да «Жемқорлыққа жол жоқ» күн тәртібімен дөнгелек үстел

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Жемқорлыққа жол жоқ» күн тәртібімен дөнгелек үстел өткізілді.

Осы шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері шақырылды.

Департамент мемлекеттік қызметшілерімен баяндамалар тындалып,  қылмыстық жауапкершілік туралы бейнематериал қаралды. 

Департамент басшысы Жанмурат Женисович Балгабаев Қазақстан Республикасы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлттіксіз орындауды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы Департамент қызметшілеріне жеткізді.